Қазақстан мұнай өндіруді өз еркімен қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады

0
389


Қазақстан мұнай өндіруді өз еркімен қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады

ERNUR.KZ. Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады, деп жазады zakon.kz.

"Қазақстан сәуір айында ерікті қысқартулар туралы жариялаған ОПЕК+ мүше елдерімен келісім бойынша алдын алу шарасы ретінде 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 78 мың баррельге ерікті қысқарту мерзімін ұзартады", - делінген ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Сонымен бірге, ведомство мұнай өндірудің бұл қысқаруы 4 маусымда өткен ОПЕК+ министрлерінің 35-ші отырысында келісілген өндірудің қажетті деңгейінен есептелетінін атап өтті.

Бұған дейін ОПЕК+ мұнай өндіруге шектеу қойған болатын.