Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша үздік ондықта

0
1 247

Банк қосымшаларда 50-ден астам қызмет түрі бар. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе өсті.


Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша үздік ондықта

ERNUR.KZ. Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлемде 8-ші орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде қызмет түрлерінің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр. Смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есе өскен, деп жазады zakon.kz.

Банк қосымшаларда 50-ден астам қызмет түрі бар. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе өсті.
"Біз проактивті қызметтерді де дамытып жатырмыз. Ол - азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Оның түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты. Биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электронды қызмет алу жеңілдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүниежүзінде 8-орында."Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі