Қазақстан Президенті Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

0
883

Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.


Қазақстан Президенті Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.


Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.