Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді

0
2 042

Форумға екі елдің басшылары қатысуы керек болатын.


Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге шегерілді

Қараша айында Көкшетау қаласында Қазақстан-Ресей XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтпейтін болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын», - деп жазды Берік Уәли.