Тілеубердінің пікірінше, Ресей экономикасын оқшаулау бүкіл әлемдік экономикалық жүйеге зиянын тигізеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, Ресейдің мүдделеріне нұқсан келтіретін қадамдар жасамайды, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің еліміз, әрине, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен салынған санкцияларды қоспағанда, санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым жасау құралы ретінде қолдануға әрқашан қарсы", - деді Тілеуберді мемлекеттік арнаға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды қолдану халықаралық даулар мен қақтығыстарды шешудің ең тиімді жолы емес екенін тәжірибе көрсетіп отыр.