SMIIC Ислам ынтымақтастық ұйымының OIC ведомстволық бағынышты ұйымы
ERNUR.KZ. Мекке қаласында Ислам елдерінің стандарттар және метрология Институтының (SMIIC) Директорлар кеңесі отырысы барысында Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан атынан SMIIC-ке толық құқылы мүше ретінде кірді, деп жазады Baq.kz.
SMIIC жұмысына толық құқылы мүше ретінде қатысу Қазақстанның стандарттау және метрология саласында мүддесін одан әрі жүзеге асыруға, мүше-мемлекеттер арасында беделін арттыруға, сонымен қатар, SMIIC-ке қатысу отандық экспорттық тауарларды SMIIC мүше-мемлекеттеріне шығаруға ықпал етеді.
"Қазіргі уақытта SMIIC-тің басты мақсаты бүкіл Ислам елдерімен және Халал өнімінің Халықаралық аккредиттеу форумымен IHAF сертификаттау саласында бірыңғай стандарттар мен талаптарды жасап шығару болып табылады", - деді Сауд Арабияның Стандарттау, метрология және сапа жөніндегі ұйымның SASO Басшысы Саад Аль-Касаби.
Отырыстың қатысушыларымен Директорлар Кеңесінің Халықаралық стандарттау ұйымының ISO сәйкестігіне қарай стратегия және қаржы бойынша тұрақты комитеттерін құру жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, отырыс барысында басты техникалық мәселелер және стратегияны бұдан әрі дамытуды қарастырылды.
SMIIC Ислам ынтымақтастық ұйымының OIC ведомстволық бағынышты ұйымы. Ол мүше-мемлекеттер арасында саудадағы техникалық кедергілерді қысқартуға мүмкіндік беретін стандарттау, сертификаттау, аккредиттеу және метрология бірыңғай жүйесін құруға бағытталады.