8 жылдық үзілістен кейін Иран своп жүйесі арқылы Каспий теңізіндегі мұнай саудасын қайта бастады. Бүгінде Каспиймаңы елдерінен - Түрікменстан мен Қазақстаннан мұнай жеткізілу үстінде. Бұл туралы Иран мұнай терминалдары компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
8 жылдық үзілістен кейін Иран своп жүйесі арқылы Каспий теңізіндегі
мұнай саудасын қайта бастады. Бүгінде Каспиймаңы елдерінен - Түрікменстан мен
Қазақстаннан мұнай жеткізілу үстінде. Бұл туралы Иран мұнай терминалдары компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
ИРНА агенттігі атап өткендей, Иран көрші елдермен мұнай бойынша своп-операцияларды қайта жаңғыртқан 2017 жылдың тамызынан бері своп арқылы (шикізат алмасу мәмілесі) 2,2 млн баррель мұнай алған. Қара алтын Нека қаласындағы Солтүстік терминалымен жеткізілген. Иран мұнай терминалдары компаниясы Каспий теңізімен алған шикізатты Тегеран мен Тебриздегі мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтеді.