Бұл шешімді Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (WT) Уси қаласындағы әлем чемпионаты қарсаңындағы жиында ресми түрде хабарлады.
Фото:Қазақстан таеквондо федерациясы
ERNUR.KZ. Қазақстан 2027 жылы таеквондодан (WT) Әлем чемпионатын қабылдайды. Осылайша еліміз алғашқы Орталық Азиядағы мемлекетттерден таеквондодан жаһандық доданы өткізетін алғашқы ел болмақ, деп жазады stan.kz.
Бұл шешімді Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (WT) Уси қаласындағы әлем чемпионаты қарсаңындағы жиында ресми түрде хабарлады. Қазақстан 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге үміткерлер қатарында болған. Аталмыш жиында федерация мен оған мүше елдердің өкілдері еліміздің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Басқосуда Қазақстанның таеквонда федерациясының президенті Кудрәт Шамиевтің айтулы бәсекені өткізуге толық қауқары жететініе, сонымен қатар біздің барлық мамандардың біліктілігін ерекеше атап өтті.
“Қазақстанды таеквондодан Әлем чемпионатын қабылдауға қауқарлы елміз деп санаймын. Біз кез келген жарысты жоғары дәрежеде, әлемдік талаптарға сай қабылдай алатынымызды Астанада өткен "Kazakhstan Open" жарысында дәлелдедік деп ойлаймын. Тамыз айында өткен халықаралық жарысымызға 700-ден астам спортшы қатысты. Одан бөлек, Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті доктор Чунгвон Чоу мырзадан бастап, жарысымызға қонақ болған барлық өкіл жоғары бағалады. Біздің спортшыларымыз да, төрешілеріміз де, мамандарымыз да осы уақыт аралығында шыңдалды және Әлем чемпионатын қабылдауға әбден дайын. 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындары алдындағы шешуші әрі жауапкершілігі мол Әлем чемпионатын елімізде өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Еліміздің атын дүниежүзілік таеквондо картасында белгілейтінімізге қуаныштымыз! Барша Қазақ елін осындай сүйінші жаңалықпен құттықтаймын. Бұл біздің жұмыла атқарған жұмысымыздың жемісінің бірі", – деді Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Кудрәт Шамиев.
Айта кетейік, 24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондо Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 179 елінен 991 спортшы қатысады. Қазақстан намысын 16 таеквондошы қорғайды.