Қазақстан Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді.
иллюстрациялық фото
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент қол қойған заңдар:
- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңы;
- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына.