Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты

0
538

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінің Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымынан бас тартты.


Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ақ үй өкілдері сейсенбіде мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін оның кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынған болатын. Алайда Сенаттағы тыңдау кезінде Омарова сынға ұшырады. Омарова өткен өмірі үшін ақталуға мәжбүр болды. Ол коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелері коммунизмнен зардап шеккенін айтты.

"Мен Сәуле Омарованың Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым", - делінген Байденнің мәлімдемесінде.Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Заңтану докторы дәрежесі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Бұған дейін АҚШ Сенатында банк реттеушісінің басшысы лауазымына Сәуле Омарованың кандидатурасын ұсыну кезінде дау шыққаны хабарланған болатын.