Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 82-орында

0
542

Әлемдегі ең қымбат үйлер Гонконг, Сингапур және БАӘ-де, ең арзаны Непалда.


Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 82-орында

ERNUR.KZ. Елде үйді жалдау құны бір жылда 18% өскен. Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде Қазақстан 107 елдің арасында 82-орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде (қаланың орталығында орналасқан тұрғын үй, бір жатын бөлмесі бар) еліміз 107 орынның 82-сін иеленді.

АҚШ-та үйді жалдау құны – 303,85 доллар.

Әлемдегі ең қымбат үйлер Гонконг, Сингапур және БАӘ-де, ең арзаны Непалда. ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда үйді жолдау құны Әзербайжанда арзандау, бір айға – 266,3 доллар. Ресейде бір айға үйді жалдау құны – 412,51 доллар. Арменияда – 396,74 доллар, Украинада – 366,11 доллар, Өзбекстанда – 322,27 доллар, Беларусьте – 306,17 доллар.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бір жылда 17,5% қымбаттаған: 1 шаршы метрі 1,9 мың теңге. Алматыда үйді жалдау құны 40,6% көтерілген. Орал мен Шымкентте – 32,5% және 31,3%. Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Таразда тіркелді: 5,5%.