Қазақстан түрмелерінде отырған шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдамайды

0
107

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында айтқан.


Қазақстан түрмелерінде отырған шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдамайды

Фото: aif.by

ERNUR.KZ. Ол Қазақстан түрмелеріндегі 44 шетел тұтқынын өз елдері қабылдамай отырғанын мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми жауапқа сүйенсек, ҚАЖ мекемелерінде Қазақстан сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан 22 елден (Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Қытай, Иран, Греция, Германия, Бангладеш, Ұлыбритания, Филиппин) 1085 шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр.

Соңғы 2 жылда Бас прокуратураға сотталғандардан өздері қай елдің азаматы болса, сол елге беруді сұрап, 302 өтінішхат түскен, олардың 229-ы қанағаттандырылды. Жәбірленушілердің пайдасына өтелмеген талап-арыздардың болуына байланысты 73-іне бас тартылған.

Бұл ретте өз мемлекетінің елдеріне беру туралы өтініш білдірген. 44 сотталушыға қатысты тиісті елдер оларды қабылдаудан бас тартқан. Сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу мақсатында беруді бастауға олардың өз еркімен ерік білдіруі негіз бола алады.