Қазақстан Үкіметі өз жұмысын тоқтатады – премьер-министр Әлихан Смайылов

0
1 509

Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді.


Қазақстан Үкіметі өз жұмысын тоқтатады – премьер-министр Әлихан Смайылов

ERNUR.KZ. Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазіргі Үкімет құрамының жұмысына қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, үкімет өткен жылы өте қиын жағдайда экономиканың нақты өсімді 3,2%-ға қамтамасыз ете алған.

“Тәуелсіз рейтинг расталып, тіпті болжамды жақсарттық. Күрделі және сыртқы геосаяси жағдайларға қарамастан экономикамыз тұрақты дами алды. Инфляциялық өзгерістер болды, биыл оны екі еседен астамға төмендетуді мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта жұмыс істейтін боламыз", - дейді Үкімет басшысы сайлауда таңдауын жасағаннан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

БАҚ өкілдерінің жаңа Үкіметті басқаруға дайынсыз ба? деген сауалына:

"Біз әрқашан еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деп қысқа жауап қайырды.

Айтуынша, қазіргі Үкімет әзірге жұмысын жалғастыра бермек.

"Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан сайланғаннан кейін Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез-келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.