Бір күнде бітетін жұмыс емес, бірақ бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр, деді ДСМ өкілі.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева вакцинация төлқұжатын енгізу бойынша өзге елдермен жүргізілген келіссөздер туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен бірлесіп вакцинацияны растайтын сертификаттарды енгізу бойынша басқа елдердің министрліктерімен өте белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бір күнде бітетін жұмыс емес, бірақ бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр", - деді Айнагүл Қуатбаева ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта сертификаттар Қазақстанда қолданылатын вакциналар салынғанын растауы керек.
"Біз қазір жекелеген елдердің вакцинация сертификаттарын өзара мойындауын айтып отырмыз. Мысалы, Моңғолиямен қажылыққа қатысты өте белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл өте өзекті мәселе, сондықтан бұл бағытта да жұмыстар жүргізіледі", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының басшысы.
Айта кетейік, ЕО аумағында "жасыл сертификаттарды" іске қосу жоспарланып отыр. Бұл адамның вакцинациядан толық өткенін, COVID-19 үшін теріс сынақ алғанын немесе жақында коронавируспен ауырғанын растайды. Бұған дейін Еуроодақ елдеріне пандемия басталғаннан бері алғаш рет шектеулерді жеңілдету ұсынылған болатын.