Қазақстан зығыр өндіруден Ресей мен Канаданы басып озды

0
1 150

Еліміз зығыр өндіруден әлемде бірінші орынға шықты.


Қазақстан зығыр өндіруден Ресей мен Канаданы басып озды

ERNUR.KZ. Өткен жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін еліміз зығырды 72 миллион долларға саудалаған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Еуроодақ елдері арасында ең көп мөлшерде, яғни 44 миллион доллардан астам қаржыға Бельгия мен Польша сатып алған. Ал Еуроодақ елдері арасында органикалық зығыр экспортының жартысынан көбі Германия үлесіне келіп тұр.

Сондай-ақ Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарының тағы 15 түрін осы Германиядан бөлек Нидерланд, Италияға сатып келеді. Олардың арасында жасымық, бұршақ, күнбағыс, қарақұмық, сұлы мен соя бар.

«Қазақстанның ауылшаруашылық саласында әлеуеті зор. Оңтүстігінде мал, ал солтүстігі мен орталығында дәнді дақыл өсіруге жақсы жағдайы бар. Қазір Германияда экологиялық өнімдерге сұраныс жоғары, бұл нарық қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстан осы салада өз өнімдерін, атап айтқанда зығыр майы мен тұқымдарын белсенді сатып келеді. Дегенмен Қазақстан бұдан да едәіур көп өнім ұсына алады деп санаймын. Германия осы салада ынтымақтасып еңбек етуге дайын»,– дейді Германия агробизнес қауымдастығының директоры Пэр Бродерзен.