Қазақстанда 1,5 мыңға жуық сынып қашықтан оқуға көшірілді

0
94

Мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жоқ, тек оқушылардың 30 проценті.


Қазақстанда 1,5 мыңға жуық сынып қашықтан оқуға көшірілді

фото: Sputnik / Ирина Адамова

ERNUR.KZ. Қазақстанда 132 мектепте 1 469 сынып қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Әсіресе, оқушылар арасында ауырып қалғандар көп. Осыған байланысты сыныптарды қашықтан оқыту форматына ауыстырып жатыр.
"Жалпы, республика бойынша 132 мектепте 1 469 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Мектеп емес, сынып, яғни, мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жоқ, тек оқушылардың 30 проценті. ЖРВИ-ге байланысты сабаққа келмей жатқан сыныптар қашықтан оқытуға ауыстырылып отыр", - деді Бейсенова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.