Қазақстанда 7 мыңнан астам бала коронавируспен ауырды

0
460

Кавасаки тәрізді синдром 45 балада расталды.


Қазақстанда 7 мыңнан астам бала коронавируспен ауырды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2020 жылы коронавируспен ауырған 7 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсетілді, оның 134-і жаңа туған нәрестелер, деп жазады sputnik.kz.

"Емдеу нәтижесі ойдағыдай. Балалардың арасында ересектермен салыстырғанда науқас проценті аз. 134 жаңа туған сәби бақылауды қажет етеді. Алайда ауырудың асқынуын байқамадық", - деді Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау министрлігі балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Жанар Садуова.

Ол өткен жылы коронавируспен ауырған балаларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіру және бақылау мақсатында сараптамалық топ құрылғанын атап өтті. Оның құрамына республикалық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының мамандары кірді, 105-ден астам консультация өткізілді.

"Коронавирустың ауыр түрімен ауырған 91 балаға және кавасаки тәрізді қабыну синдромы анықталған 45 балаға көмек көрсетілді. Қабылданған шаралар осы аурудан жоғары өлім деңгейінің алдын алды", - деді Жанар Садуова.