Соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының да қызметі тоқтатылды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды:
- 65 инспекциялық тексеріс;
- 9 әуе компаниясын сертификаттау;
- аэронавигация саласында 17 аудит;
- 31 әуе айлақты сертификаттау;
- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.
«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», - деді министрліктен.