Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы ақылы вакцина пайда болуы мүмкін

0
776

Қазір 25 мың оқушы қызға тегін екпе егілген.


Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы ақылы вакцина пайда болуы мүмкін

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Онкогинеколог дәрігер, жоғары санаттағы радиациялық онколог Ғайни Олжатаева еліміздегі жекеменшік клиникалар адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны өз ақшасына сатып алып, қазақстандықтарды ақылы түрде вакциналауы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол қазір елімізде 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға папиллома вирусына қарсы вакцина тегін егілетінін, ал ересектер үшін ақылы вакцинация жоқ екенін мәлімдеді.

«Болашақта егер жекеменшік клиникалар вакцина сатып алса, біз оларды реттей алмаймыз. Олар екпені өз қаражатына сатып алып, ақылы негізде еге алады», - деді Олжатаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Дәрігердің айтуынша, бүгінде 11-13 жастағы 25 мың оқушы қыз осы вирусқа қарсы вакциналанған. Соның ішінде 15 мың қыз – он бір жаста.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мектептегі медбикелер оқушы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакцина егуге үгіттей ала ма деген сұраққа жауап берген еді.