Қазақстанда АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады - министр

0
739

Министр былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасалғанын айтты.


Қазақстанда АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады - министр

ERNUR.KZ. Биыл атом электр станциясын салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп жазады stan.kz.

"Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар", - деді Болат Ақшолақов.

Министр былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасалғанын айтты.

"2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады", - деді Болат Ақшолақов.