Қазақстанда әскердегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруды енгізу ұсынылып отыр

0
239

Оның айтуынша, қазір әскерге шақырылушыларды психологиялық бағалауды жүргізу ұсынысы да талқыланып жатыр.


Қазақстанда әскердегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруды енгізу ұсынылып отыр

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. 3 қазанда мәжіліс депутаты Юлия Кучинская мәслихат депутаттарының форумы аясында Қазақстан армиясындағы келеңсіз жағдайларды қалай азайтуға және мерзімді әскери қызметкерлердің мүддесін қорғауға болатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Депутат әскерилермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныс бар.

"Парламент қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша заң жобасымен жұмыс жүргізілуде. Әскерге шақыруды ұйымдастырудағы өзгерістер талқыланып жатыр. AMANAT партиясының әйелдер қанаты мәжіліс депутаттарының қатысуымен психологиялық қызметтердің, оның ішінде әскердегі қызметтер туралы заң жобасын әзірлеп жатыр", – деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, қазір әскерге шақырылушыларды психологиялық бағалауды жүргізу ұсынысы да талқыланып жатыр.

"Егер баланың мектепте немесе колледжде оқып жүрген кезінде депрессиялық күйлері байқалса немесе жағдай өзгергенде қатты реакция танытса, бұл ақпарат медициналық тексеру кезінде ешбір медициналық картада көрсетілмейді. Бұл еш жерде тіркелмейді. Бір анықтама немесе қорытынды болуы керек", – деп қосты Юлия Кучинская.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында армиядағы қайғылы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады. Онда ол барлық министрге тиісті тапсырмалар берілетінін айтты. Сонымен қатар қызметтік телефондарды қолданбай-ақ, "смартфондар" арқылы тапсырмалар беретінін және ескертулер жасайтынын айтты.