Қазақстанда асханалардағы түскі ас қымбаттады

0
580

​Қазақстанда сыртта тамақтану қымбаттап кетті.


Қазақстанда асханалардағы түскі ас қымбаттады

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, асхана қызметтері бір жылда 26,6%, фаст-фуд ұйымдарының қызметі - 17,1%, мейрамханалар мен дәмханалар қызметі - 20,6% қымбаттаған, деп жазады zakon.kz.

Ай сайынғы динамика бойынша бағаның өсуін Жетісу өңірінің тұрғындары бірінші кезекте сезінді: бұл жақта бірден 13,9% қымбаттаған. Алғашқы үштікке Шымкент пен Алматы облысы да кірді: сәйкесінше айына +9,9% және +7,3%. Жеті облыста бір айда баға өзгерген жоқ.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсуі дәл сол Жетісу облысында тіркелді: бірден 44,7%. Бағалар Шымкентте (40,3%-ға) және елордада (38,5%-ға) айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсуі Павлодар облысында байқалды: жылына 6,2%.

  • Мейрамханалар мен дәмханалар қызметі бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (44,4%), ең азы – Алматы қаласында (5,2%) тіркелді.
  • Фаст-фуд ұйымдарының қызметтеріне бағаның неғұрлым елеулі өсуі Атырау облысында (38%), ең азы – Павлодар облысында (4,5%) байқалды.
  • Асхана қызметі ең көп Жетісу облысында (52%), ең аз Павлодар облысында (7%) қымбаттады.

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір айда 2,7%, бір жылда 23,4% қымбаттады. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын жауып жатқаны белгілі болды.