Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

0
340

Бір айда жауған жауын-шашын 0,6 мм (норма 33 мм) болды, бұл норманың 2 пайыз болған.


Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Мамырда Қазақстанның батысында 53 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды, деп жазады tengrinews.kz.

Синоптиктер мәліметінше, айдың басында республиканың батыс жартысында, ал айдың аяғында Қазақстанның басым бөлігінде жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райы байқалды, бұл температуралық рекордтарға алып келді.

"1 мамырда Маңғыстау облысында Аққұдық метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +34,1°С тіркелді, осылайша 2005 жылғы рекорд (+33,9°С) жаңарды, Сам метеостанциясында ауа температурасы +32,5°С болды, соңғы рет сол күні максимал температура 1975 жылы (+31,0°С) байқалды, Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +33,4°С белгісіне жетті, бұл 1986 жылғы рекордты (+31,8°С) жаңартты, 2 мамырда дәл осы станцияда ең жоғары ауа температурасы +32,4°С болды, осылайша 1970 жылғы ауа температурасы +32,2°С құраған рекордынан асты, Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) термометр бағаны +32,2°С белгісіне жетті, осылайша 1970 жылғы рекорд (+31,4°С) жаңарды", - делінген хабарламада.

11 мамырда Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) ең жоғары ауа температурасы +31,3°С тіркелді, осылайша 1976 жылғы рекорд (+30,0°С) жаңартылды, Жарық метеостанциясында (Қарағанды облысы) максимал ауа температурасы +29,6°С болды, соңғы рет сол күні максимал температура 1991 жылы (+29,0°С) байқалды, Қызылорда метеостанциясында (Қызылорда облысы) термометр бағаны +35,6°С белгісіне жетті, бұл 2019 жылғы рекордты (+34,7°С) жаңартты, 27 мамырда Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +36,2°С болды, осылайша 2000 жылғы ауа температурасы +34,0°С рекордынан асты, 30 мамырда Қостанай метеостанциясында (Қостанай облысы) термометр бағаны +34,9°С белгісіне жетті, осылайша 2021 жылғы рекорд (+34,5°С) жаңарды, делінген хабарламада.

"Мамырдың басында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына ауа температурасының төмендеуі мен үсікке алып келген Шығыс Сібір ауданынан салқын ауа массалары жетті. Рекордтарға тоқталатын болсақ: 2 мамырда түнгі уақытта Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -6,8°С болды, осылайша 1969 жылғы рекорд (-5,0°С) жаңарды, 3 мамырда осы метеостанцияда термометр бағаны -7,8°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 2002 жылы -3,7°С құрады, Риддер метеостанциясында (Шығыс Қазақстан облысы) ауа температурасының рекорд көрсеткіші -5,2°С белгісіне жетті, бұл 1985 жылғы рекордты (-4,5°С) жаңартты, 4 мамырда Ақтоғай метеостанциясында (Қарағанды облысы) ауаның ең төменгі температурасы -8°С болды, осылайша 1997 жылғы ауа температурасы -5,1°С болған кездегі рекордтан асты. 5 мамырда Тараз метеостанциясында (Жамбыл облысы) термометр бағаны -1,1°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолют минимум 1998 жылы +0,5°С болады", - делінген хабарламада.

Температуралық рекордтардан басқа мамырда жауын-шашыннан да рекордтар болды, жекелеген станцияларда жауын-шашын бір тәулікте айлық нормадан көп жауды: Қазалы метеостанциясында (Қызылорда облысы) 16 мамырда бір айлық нормасы 14 мм болған жағдайда 17 мм жауын-шашын жауды, Тасты метеостанциясында (Түркістан облысы) 17 мамырда 18 мм жауын-шашын жауды (бір айлық нормасы 17 мм), Жаланашкөл метеостанциясында (Жетісу облысы) 22 мамырда бір айлық норма 8 мм болған жағдайда бір тәулікте 10 мм жауын-шашын жауды.

Астана қаласында 2023 жылғы мамырда метеорологиялық бақылаулар деректері бойынша ең төменгі ауа температурасы 3 мамырда түнгі уақытта -2,0°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 31 мамырда +33,1°С болды.

Бір айда жауған жауын-шашын 0,6 мм (норма 33 мм) болды, бұл норманың 2 пайыз болған.