Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды.
ERNUR.KZ. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
2026 жылғы қаңтарда энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін бекітті.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін:
- жеке ПИН-кодтар алынды;
- дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу;
- электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру жөнінде шаралар қабылданды.
Аталған шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан дизель отынын АШТӨ операторларына мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынын жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында», – деді ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.


