Қазақстанда автокөліктерді қайта өңдеу монополиясы жойылады

0
4 162

Өткен жылы 20 қазанда Астанада РОП Операторының экс-басшысына қатысты басты сот отырысы басталған еді.


Қазақстанда автокөліктерді қайта өңдеу монополиясы жойылады

ERNUR.KZ. Бұрынғы президенттің қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі болған "Оператор РОП" орнына автокөліктерді қайта өңдеу және қайта өңдеу төлемдерін жинаумен айналысатын "Жасыл Даму" АҚ компаниясы келді, деп жаады stan.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп, көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірледі.

"Бағдарламаға қара металды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір кәсіпорынның монополиясы алынып тасталады. Ескі автокөлікті қайта өңдеу үшін төлем алынатын шикізатқа меншік құқығы болып табылады", - делінген хабарламада.

Ескі көліктердің иелеріне жеңілдік сертификаты ұсынылады, оның номиналы белгіленген тәртіппен анықталады. Қазіргі уақытта ережелер жобасы әзірленді және бекіту процесінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 20 қазанда Астанада РОП Операторының экс-басшысына қатысты басты сот отырысы басталған еді.

10 қазандағы алдын ала сот отырысында Мұқтарованың адвокаттары сотталушының тергеу барысына бұдан былай әсер ете алмайтынын алға тартып, оны үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

Алайда судья Ибрагим Әлкенов Мұқтарованың сотқа дейінгі тергеу органдарынан жасырынып жүргенін, 2022 жылы маусымда халықаралық іздеуге жарияланғанын және кейін БАӘ-ден экстрадицияланғанын еске салды.

Мұқтароваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігімен "Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы" және ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру" деген айып тағылып отыр. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Іс бойынша жәбірленуші ретінде "Оператор РОП" ЖШС және "Жасыл даму" АҚ компаниялары танылған.