Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледі, деп жазады stan.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір арзан жанармай көлеңкелі жолмен өзге елдерге шығарылып жатыр. Сондықтан, бензин мен дизель отынының құнын көрші елдердегі бағамен теңестіру қажет.
Сондай-ақ вице-премьер өндірісті ұлғайту жайы да қарастырылып жатқанын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңін салу жоспарланып отыр. Яғни, мұнай өңдеу көлемі екі есеге, 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін өспек. Бұдан бөлек, Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ.
Айта кетейік, қазір жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 205 теңге көлемінде, ал АИ-95 244–264 теңге шамасында сатылып жатыр.