Қазақстанда бір айда 988 млн АҚШ доллары сатылды

0
202

Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ін құрады.


Қазақстанда бір айда 988 млн АҚШ доллары сатылды

фото: Пресс-служба Национального банка Казахстана

ERNUR.KZ. Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ валютасы сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ін құрады, деп жаззады sputnik.kz.
Мамыр айында 1 доллар 510,82 теңгеге жетіп, 0,3%-ке қымбаттады. Қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 246 миллионнан 238 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық Банктің болжамынша маусымда Ұлттық қордан 700 миллионнан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады.
"Мамырда "айналау" операциясы аясында 213 млрд теңге алынды. Маусым ішінде осы мақсатта 213 млрд теңгеге баламалы мөлшерде валюта сатылады деп күтілуде", - дейді ведомство.