Қазақстанда біраз адам енді жүрген жерін әр 3 сағат сайын суретке түсіруге міндетті болады

0
388

​Бұл – Ақмола облысының Целиноград ауданыда тұратын адамдарға қатысты болмақ.


Қазақстанда біраз адам енді жүрген жерін әр 3 сағат сайын суретке түсіруге міндетті болады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Целиноград ауданыда түрмеден мерзімінен бұрын шыққан адамдар полиция талап етсе әр үш сағат сайын жүрген жерін суретке түсіріп, оны «IT-control» мобильді қосымшасына жүктеп отыруға міндетті болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Целиноград ауданының әкімдігі прокуратураның ұсынысы бойынша «IT-control» мобильді қосымшасына ақша бөлген.

«Осы қосымшаның арқасында пробацияның есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын онлайн режимде бақылап отыруға болады. Мәселен, егер құқық қорғау органдары талап етсе, мұндай тұлғалар әр үш сағат сайын олардың тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін сурет жүктеуге міндетті болады. Егер күдікті дүние болса, полиция мен пробация қызметі бірден ден қойып, адамның жазасын ауыстыра алады», - деп хабарлайды прокуратура.

Облыстың прокуратурасы бұл қосымша пробация тізіміндегі адамдар арасында құқық бұзу фактілерін едәуір азайтады дегенге үмітті.