Қазақстанда «бомждарға» арналған уақытша баспана пайда болады

0
221

​Уақытша болу ұйымдарында бұрын сотталғандар да тұрады.


Қазақстанда «бомждарға» арналған уақытша баспана пайда болады

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Қазақстанда үй-күйсіз көше кезіп жүрген қаңғыбастарға, түрмеден жазасын өтеп шыққандар мен зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу ұйымдары құрылады. Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі тиісті бұйрық жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Уақытша болу ұйымдары тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған», - делінген құжатта.

Мұндай ұйымдар қалаларда халық саны 100 мың адамнан көп болған кезде құрылады. Ал елді мекендерде, аудандарда және ауыл округтерінде тұрғындар саны 50 мың және одан асқан жағдайда, жергілікті атқарушы органның шешімімен бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға болады.

Бұйрық он күн өткен соң күшіне енеді.