ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойды.
Фото: m.kolesa.kz
ERNUR.KZ. Қызылорда-Арал автожолы бүгін, 26 қаңтардан бастап ақылы болды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойғанын хабарлаған едік.
Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:
- "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автожолының "Қызылорда – Жезқазған" учаскесі,
- "Жезқазған – Петропавловск" республикалық маңызы бар автожолының "Жезқазған – Арқалық" учаскесі,
- "Арқалық – Торғай" облыстық маңызы бар автожолы,
- "Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз" аудандық маңызы бар автожолы,
- "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент" республикалық маңызы бар автожолының "Ырғыз – Арал" учаскесі;