Қазақстанда Депутаттар күні бекітілуі мүмкін

0
283

Бұған дейін сенаторлар Бірыңғай депутат күнін енгізу мәселесін Үкіметке ұсыныс ретінде жолдаған болатын.


Қазақстанда Депутаттар күні бекітілуі мүмкін

фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Жаңа кәсіби мереке күнін енгізу күнін Үкімет қарап жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұған дейін сенаторлар Бірыңғай депутат күнін енгізу мәселесін Үкіметке ұсыныс ретінде жолдаған болатын.

– Кәсіби мерекелерді бекіту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 534 бұйрығымен бекітілген. Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оның шеңберінде осы ұсыныс қаралып, тиісті шешім қабылданатын болады, – дейді Бектенов сенаторларға берген жауабында.

Бектенов сенаторларға берген жауабында депутаттың әдеп кодексін әзірлеу қосымша зерделеуді және талдауды талап ететінін хабарлайды. Бектеновтың пікірінше, Үкімет өз міндеттерін орындамаған мәслихат депутаттарының жауапкершілігін күшейту мақсатында оларға Парламент депутаттарына қолданылатын жазаға ұқсас жазаның қосымша түрлерін көздейтін түзету ұсынылып отырғанын хабарлайды. Сондай-ақ заң жобасы арқылы (өзін-өзі басқару туралы) жылына кемінде екі рет міндетті түрде азаматтармен кездесу өткізу жөніндегі түзету ұсынылған.