Қазақстанда дін үшін шабуыл жасауға және кісі өлтіруге шақырған 6 адам ұсталды

0
82

Тергеу нұсқасына сәйкес күдіктілер діни негізде шабуыл жасауға және кісі өлтіруге шақыратын материалдар таратқан.


Қазақстанда дін үшін шабуыл жасауға және кісі өлтіруге шақырған 6 адам ұсталды

Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметі

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қараша айында еліміздің бірнеше қаласында терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады. Олар әлеуметтік желі арқылы зорлық-зомбылыққа шақырған, деп жазады stan.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес күдіктілер діни негізде шабуыл жасауға және кісі өлтіруге шақыратын материалдар таратқан. Сонымен қатар олар зайырлы мемлекеттік жүйеге қарсы үндеулер жариялаған.

Тінту барысында ұсталғандардан атыс және суық қару-жарақ, сондай-ақ діни мазмұндағы көптеген әдебиеттер тәркіленді. Соттың санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ 3 қарашада Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмге шақыратын материалдарды таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының материалдары негізінде террористік және экстремистік әрекеттерге қатысы бар 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.