Қазақстанда дизель отынына жаңа тариф енгізу жоспарланып отыр

0
549

Ақшолақовтың айтуынша, министрлікке транзиттік көліктер мен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отыны тапшылығын болдырмау міндеті жүктелген.


Қазақстанда дизель отынына жаңа тариф енгізу жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралауды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ақшолақовтың айтуынша, министрлікке транзиттік көліктер мен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отыны тапшылығын болдырмау міндеті жүктелген.

"Шекара қызметі мәліметінше, Қазақстан Республикасына күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70 пайызға жуығы шетелдік көліктер. Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бағаның төмендігі орташа айлық тұтыну көлемінің шамамен 120 мың тоннаға артуына әкеледі.
Қазіргі уақытта министрлік дизель отынының сараланған бағасына байланысты бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады. Бұл жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасады", - деді энергетика министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.