Қазіргі уақытта елімізде 426 электр зарядтау станциясы бар.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігі электр көліктерін дамыту және олардың инфрақұрылымын құру бойынша қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылғанын түсіндірді, деп жазады inform.kz.
— Статистикалық деректерге сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда электр қозғалтқыштары бар 12120 автокөлік тіркелген. Сондай-ақ, қазіргі уақытта елімізде 426 электр зарядтау станциясы бар, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
— Тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстық іріктеуде электробустары бар тасымалдаушыларға артықшылықтар белгіленген. 2018-2024 жылдары жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында өңірлерге 125 электробус жеткізілді.