Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін өседі

0
975

Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері өзгеріссіз еді.


Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін өседі

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын», - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.