Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары аталды

0
209

​Қаңтарда электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды.


Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары аталды

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға талдау жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Қаңтарда электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды. Блытырғы желтоқсанымен салыстырғанда бос жұмыс орындары саны 22,3 мыңға (-19 пайыз) төмендеді, ал түйіндеме саны 132 мыңға (+223 пайыз) өсті.

"Осылайша, қаңтарда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс еңбек биржасында өтініш берушілер ұсынысынан екі есе көп болды, бұл жыл басындағы жұмысқа қабылдау үдерістерінің белсенділігі төмендегенін білдіреді", - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Өңірлер бойынша, қаңтарда түйіндемелер санының өсуі барлық өңірде байқалған, ең аз өсім Астанада (+3,2 мың түйіндеме немесе желтоқсанмен салыстырғанда 56 пайызға өсім) тіркелді. Еңбек нарығындағы ұсыныстың ұлғаюының ең жоғары көрсеткіштерін оңтүстік өңірлердегі жұмыс күшінің профициті көрсетті: Қызылорда облысы (+17,2 мың түйіндеме немесе 531 пайыз), Шымкент (+9,7 мың түйіндеме немесе 401 пайыз) және Түркістан облысы (+27 мың түйіндеме немесе 358 пайыз).

"Ең көп жалақыны өз түйіндемесінде "үлкен деректер маманы" (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден жоғары), "бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің басшысы" (1,2 миллион теңгеден жоғары), сондай-ақ "өндірістік операциялар жөніндегі инженер" (1,2 миллион теңгеден жоғары) көрсеткен. Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндірістік база басшыларына (900 мың теңгеден), инженер-конструкторларға (800 мың теңгеден) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден) ұсынған", - деді Еңбек министрлігі.