Қазақстанда енді тауарлардың бөліп төлеуге арналған құны мен сатып алу құны екі бөлек көрсетіледі

0
87

Интернет дүкендер бағаға қандай шығындарды қосқанын ашық көрсетуге міндеттеледі.


Қазақстанда енді тауарлардың бөліп төлеуге арналған құны мен сатып алу құны екі бөлек көрсетіледі

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Енді Қазақстанда маркетплейстерде тауардың бөліп төлеудегі және бірден сатып алғандағы құны екі бөлек қойылады. Сондай-ақ, интернет дүкендер бағаға қандай шығындарды қосқанын ашық көрсетуге міндеттеледі, деп жазады stan.kz.

Бұл арқылы үкімет комиссиялар мен қосымша төлемдерге шектеу қоюды жоспарлап отыр. Мысалы бір затты бөліп төлеуге алатындардың бағасы 10 мың, ақысын бірден толық беретіндерге 8 мың теңге болуы мүмкін. Осы ретте мұндай баға қайдан шыққанын, комиссия, сыйақы сынды шығындардың қанша пайызы қосылғанын сатып алушы білуі тиіс.

“Екі бөлек баға қоятын болса оны интернет сауда желісі емес, тауарды сатылымға шығарған кәсіпкердің өзі белгілеуі тиіс. Бұдан былай маркетплейске өнімін шығарған компанияның бәрі комиссия төлейді. Оның мөлшері бүгінде 5 пен 25 пайыз аралығын құрайды. Біз тауар кредитке сатылса оның мөлшерлемесі кепілді-кепілсіз несиелерге бекітілген шектен асып кетпеуін қадағалаймыз”, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова.