Қазақстанда есірткіні жасырып кетушілерге қатысты жаза жеңілдетілмек

0
694

Заң жобасына сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндіру мен "есірткіні жасырып кетушілерді" пайдаланып өткізу арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату жоспарланып отыр.


Қазақстанда есірткіні жасырып кетушілерге қатысты жаза жеңілдетілмек

Фото: vsluh.ru

ERNUR.KZ. 27 қарашада мәжілісте есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қаралды. Аталған заң жобасында есірткіні жасырып кетушілерге қатысты жаза өзгерту көзделген, деп жазады stan.kz.

Заң жобасына сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндіру мен "есірткіні жасырып кетушілерді" пайдаланып өткізу арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату жоспарланып отыр.

“Атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру үшін жауапкершілік көздейтін Қылмыстық кодекстің жеке жаңа 297-1-бабы енгізілді. Оған сәйкес айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген”, – деді мәжілісмен Снежанна Имашева.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Бұрын айыпталушылар бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылатын еді. Ал ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін алты жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бұған дейін бұл үшін алты жылдан он екі жылға дейін сотталатын еді.