Қазақстанда фри өндіретін зауыт пайда болады

0
1 101

Қуаты – жылына 70 мың тонна фри-картоп.


Қазақстанда фри өндіретін зауыт пайда болады

ERNUR.KZ. Алматы облысында фри-картоп өндірісін жолға қоюға 43,1 млрд теңге жұмсайды, деп жазады 7kun.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жобаны іске қосу 2020 жылға жоспарланған.

«Farm Frites Eurasia жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қаржыландыру шарттарын талқылауда. Жобаның құны 43,1 млрд теңге», — деп хабарлады ведомствода.

Қуаты – жылына 70 мың тонна фри-картоп. Дайын өнімді тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сату жоспарланып отыр. 450-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ, әкімшілік зауыт құрылысының орны әлі анықталмағанын атап өтті.

«Осыған байланысты, жоба құны, оның қуаттылығы, отандық өнімді ұсыну үлесі және экспорттық бағдар бөлінген аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін», — деді ведомствода.