Министрлік бүгінде Астанадағы сауда желілерінде картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендегенін хабарлады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі картоп бағасының өсуіне қатысы бар сауда делдалдарын анықтады, деп жазады tengrinews.kz.
Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, жыл басынан сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заңбұзушылық анықталған. Анықталған барлық деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатыны айтылды.
Министрлік бүгінде Астанадағы сауда желілерінде картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендегенін хабарлады.
"Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр", - делінген хабарламада.
Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасып жатыр. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылған. Соңғы 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында – 300 тонна, Шымкентте – 600 тонна, Түркістан облысында – 300 тонна және т.б. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.
Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етті.