Қазақстанда картоп қайта қымбаттап жатыр: Кәсіпкерлер себебін түсіндірді

0
576

Қазақстанда азық-түліктің бағасы күн санап өсіп келе жатыр.


Қазақстанда картоп қайта қымбаттап жатыр: Кәсіпкерлер себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстанда азық-түліктің бағасы күн санап өсіп келе жатыр. Әсіресе картоп бағасының мұндай маусымда қымбаттауына халық үйренбеген. Осы себепті, картоп бағасының қайта көтеріліп кетуінің себебін кәсіпкерлер түсіндіріп берді, деп жазады Stan.kz.

Көптеген сатушылар картоп бағаларына байланысты түсінік бергісі де келмейді. Бұған нарықтағы баға тұрақсыздығы басты себеп секілді. Егер өткен жылдың күзінде картоптың бөлшек сауда бағасы 100 теңгеден аспаған болса, қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймақтарында көтерме саудада 100 теңгеден төмен бағаны кездестіру мүмкін емес.

"Картопты өзіміз 140 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатамыз. Баға өсуде, бірақ тұрақсыздық жоқ. Өткен жылғы баға 75-80 теңгеден болған. Ал биылғы жылы тұрақсыздық жоқ болғандықтан баға көтерілетін болады", – дейді кәсіпкер Беймбет Сақаев.

Қостанайда картоптың бір килограммы 140 теңге тұрады. Бұл өнім жергілікті болғандықтан қойылған баға. Еліміздің оңтүстігіндегі Алматы мен Шымкент қалаларында – келісі 120 теңгеден сатылуда. Қарағанды облысында бірнеше қап сатып алғанда бағасын 125-тен алуға болады. Еліміздің картоп аймағы саналатын Павлодарда келісін 100 теңгеден алуға мүмкіншілік бар.

Сонымен қатар арзандарын да табуға болады, тек олар кесілген немесе оларда тамыр дақылдары болады. Өндірушілер картоптың қымбаттығын жаздың құрғақ болуымен түсіндіреді, себебі жерді суару үшін қосымша шығындар жұмсалады. Картоп тұқымына, техниканың қосалқы бөлшектері мен жанармай бағасының өскені де өнімнің қымбаттауға себеп болады.

Бағалардың өсуінен кейбір қазақстандықтар қауіп көрсе, кейбірінің еті үйреніп кеткен. Көкөніс бағасының жазғы өсімінен кейін кейбіреулер үшін қазіргі баға қатты қымбат емес секілді көрінеді. Дегенмен, қысқа дейін бағаның қаншалықты өсетінін бағдарлау қиынға соғады.