Қазақстанда кеспе бағасы күрт өсті

0
430

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл өнімнің бөлшек саудадағы бір келісінің орташа бағасы мамырда 1213 теңгені құрады.


Қазақстанда кеспе бағасы күрт өсті

ERNUR.KZ. 2023 жылдың мамыр айында кеспе бағасы жылдық мәнде 26,8%-ға қымбаттады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл өнімнің бөлшек саудадағы бір келісінің орташа бағасы мамырда 1213 теңгені құрады.

Өңірлер арасында кеспенің ең қымбат бағасы Атырауда - 1525 теңге/кг, ең арзаны Қонаев қаласында 1009 теңге/кг.

Бұдан бұрын елімізде бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қаншалықты өскенін жазғанбыз.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.