Қазақстанда халық санағы 2021 жылға қалдырылды

0
1 145

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады.


Қазақстанда халық санағы 2021 жылға қалдырылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған халық санағы 2021 жылға ауыстырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.


«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.


Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 2021 жылы 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерге тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді.