Қазақстанда халыққа арналған көмір шетелге астыртын сатылып жатыр

0
430

Қазақстанда 110 млн тонна көмір өндіріледі.


Қазақстанда халыққа арналған көмір шетелге астыртын сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда 110 млн тонна көмір өндіріледі. Ал халықтың тұтынуына 9,3 млн тонна көмір қажет.

«Жыл сайын 10 млн тоннаның көлемінде көмір керек. Халыққа жеткізілетін көмірдің бағасы төмен. Экспорттағы бағасымен салыстырғанда 5-6 есе төмен. Халыққа барып жатқан көмірді кейбір кәсіпкерлер алып, оны шетелге сатып жатыр. Өзбекстанға, Қырғызстанға сатуда. Соны болдырмас үшін елімізден автомобильмен көмірді шетелге шығаруға тыйым салдық», - деді Марат Қарабаев Үкімет кулуарында.

Десе де, кәсіпкерлер көмірді сырт елге шығарудың басқа жолын тауыпты.

«Енді олар көмірді көлікпен пойызға жеткізіп, шетелге пойызбен шығарып жатыр. Мәселе осында. Көмірді ертерек жаз уақытында алу керек», - деді министр.