Қазақстанда көлік жасау зауыты сатылмайтын болды

0
543

28 ақпанда министрлік "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясына бұйрық жолдаған.


Қазақстанда көлік жасау зауыты сатылмайтын болды

ERNUR.KZ. Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы көлік жасау зауытын сату жөніндегі конкурсты алып тастады, деп жазады Stan.kz.



28 ақпанда министрлік "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясына бұйрық жолдаған. Аукцион енді өткізілмейді.

"Индустрия және құрылыс министрлігі "Киров көлік жасау зауыты" АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады.

Конкурстың өткізілмеуі 2021 жылғы 29 қазанда "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесі қабылдаған зауытты іске асыру бойынша шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты", – делінген хабарламада.

Киров атындағы көлік жасау зауыты 1942 жылы құрылған. Ол – ТМД елдерінде жылу қозғалтқышы бар торпедаларды шығаратын жалғыз кәсіпорын. Ұлы Отан соғысының басында зауыт алдымен Махачкалаға, ал 1942 жылдың аяғында Алматыға көшірілді. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясына тиесілі.

Айта кетейік, сатылым 12 наурызда басталуы керек еді. Аукциондағы бастапқы баға 6,1 млрд теңге болып белгіленген екен.