Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті

0
1 197

Алматыда тағы 7 адамнан коронавирус анықталды.


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«27 наурыз сағат 07.50-дегі жағдай бойынша, к оронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 47, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.

26 наурызда елімізде коронавирустан қайтыс болған 1 адам тіркелді. 2 адам індеттен жазылып шықты.