21-22 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады:
Фото: baq.kz
ERNUR.KZ. Синоптиктер 21-22 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
21-22 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады:
солтүстік өңірлерде қар;
Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ, республика бойынша боран соғып, көктайғақ болып, тұман түсіп, екпіні 15-28 м/с болатындай жел күшейеді. Ал Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі.
"Бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді, солтүстік жартысында 25-35 градус аязға дейін, оңтүстігінде 15-25 градус аязға дейін болады", - деп жазылған хабарламада.