Ведомствоның нақтылауынша, ЖАІШ 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото: акимат Астаны
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстанда “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы (ЖАІШ) басталды, деп жазады inform.kz.
Ведомствоның нақтылауынша, ЖАІШ 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Ерекше назар қылмыстың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды анықтауға, азаматтардың жаппай жиналатын орындарын тексеруге, сондай-ақ заңнаманың сақталуын бақылауға аударылуда", –делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 2025 жылғы 11 қыркүйекте Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен ілеспе құжат қаралып, мақұлданған болатын.