Қазақстанда мыңдаған адамға жалдамалы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі

0
633

Бүгін сенатта республикалық бюджетке өзгеріс енгізуге арналған жиында депутат Бекболат Орынбеков жалдамалы баспана мәселесін көтерді.


Қазақстанда мыңдаған адамға жалдамалы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі

ERNUR.KZ. Биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған мыңдаған отбасыға 60 шаршы метрлік жалдамалы пәтерлер беріледі. Оны сатып алуға мүмкіндік болады, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін сенатта республикалық бюджетке өзгеріс енгізуге арналған жиында депутат Бекболат Орынбеков жалдамалы баспана мәселесін көтерді.

"Былтыр жалға берілетін тұрғын үй мәселесі өте күрделі болған. Енді, сатып алу әдісі қабылданды. Біз оны толық қолдаймыз. Мысалы, Жамбыл облысына тұрғын үйді сатып алуға 7,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл, шамамен, 797 пәтер болады. Бір пәтердің бағасы - 9,6 миллион теңге. Сонда бір шаршы метрі (жалға алу құны - Sputnik) 160 теңгеден болайын деп отыр. Осы механизммен ары қарай кете береміз бе?", - деп сұрады Орынбеков.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, былтыр әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін жалдамалы үйге төлейтін ақының жартысын өтеу тетігі дұрыс жүрмей қалды.
"Үйді жалға алып отырған осал топтар үшін ақының 50 пайызын субсидиямен береміз дедік. Бірақ ол механизм жүріңкіремей қалды. Сондықтан осы жолы былтыр қаралған 43 миллиардтың 3 миллиардын бағанағы бағдарламаға қалдырдық та, 40 миллиардты, соның сыртында тағы 62 миллиард бар, сонда барлығы 102 миллиард қолдау тауып отыр. Соған өзіңіз айтқан орташа ауданы – 60 шаршы метр, ал бағасы 9,6 миллион теңге болатын 10 703 пәтер сатып алынады", - деп атап көрсетті Қарағойшин.
Комитет басшысының сөзіне қарағанда, биыл барлық пәтерді дайын тұрған үйлерден сатып алу жоспарланып отыр.
"Биыл Астана мен Алматыда бірінші нарықтағы үйлерден сатып алынады. Қалған облыстарда бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлерден болады. Ал 2024 жылдан бастап барлығын бірінші нарықтағы үйден сатып аламыз", - дейді Қарағойшин