Олардың 49-ы кішкентай балалар.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі мен экология министріне судағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл жұмыстар өңірлерде әкімдіктермен бірге жүзеге асуы керек деді үкімет басшысы. Өйткені, биыл елімізде ағын судың құрбандары көп.
«Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың суға кетіп қайтыс болғанына қарап отырмауы тиіс. Қазір шомылу маусымы. Тек 1 маусымнан бастап елімізде 140 адам суға тұншығып қайтыс болған. Олардың 49-ы кішкентай балалар. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 42%-ға төмен. Бірақ, осының өзінде өлім-жітім жоғары деңгейде деп саналады», - деді Ә.смайылов.
Үкімет басшысы ата-аналарды балаға сақ болуға шақырды. Ал, жергілікті билік судағы қауіпсіздіктің сақталуына жауап береді.